Ерлер арасындағы сайыста Әлішер Айсалбаев, Даниил Почивалов және Марк Почиваловтан жасақталған құрамамыз командалық сайыста 3-орынға ие болды.
- Кувейт — 355 ұпай
- Қатар — 349 ұпай
- Қазақстан — 348 ұпай
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Бұдан бұрын қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында алтын медалға бір табан жетпей қалғанын жазғанбыз.