Қазақсан ерлер құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында 10 метрден пневматикалық мылтықпен ату сайысына қатысты.
Бұл бәсекеде ел намысын Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский қорғады.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша отандастарымыздың нәтижелері командалық есепке де алынды. Ұлттық құрама 1871.4 ұпай еншілеп, жетінші орынға ие болды.
Қытай құрамасы жарыста топ жарды — 1899.0. Үндістан екінші орынға ие болды — 1890.1. Ал Оңтүстік Корея 1884.2 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Жекелей есепте спортшыларымыз финалға өте алмады. Ислам Сәтпаев 24-орын, Никита Шахторин 26-орын және Константин Малиновский 29-орынға табан тіреді.
ХХ жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінің нәтижесіне сай, Қазақстан құрамасы жалпы есепте төртінші орында келе жатқанын жазған болатынбыз.
Бүгін Ксения Игнатова Азия ойындарында үздік бестіктен көрініп, финалға жолдама алды.