Азиада-2026: қазақстандық бессайысшылар алдын ала кезеңде сынға түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Аичи-Нагоядағы (Жапония) Азия ойындарында қазіргі бессайыстан ерлер арасында семсерлесуден алдын ала кезең өтті.

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы сапындағы үздік нәтижені Темирлан Абдраимов көрсетті. Ол 36 спортшының арасынан 27 жеңіспен және 8 жеңіліспен екінші орынға жайғасты. Бірінші орында 31 рет жеңіске жеткен Оңтүстік Корея өкілі Со Чан Ван тұр.

Кирилл Стадник семсерлесудегі іріктеу кезеңін 21 жеңіс және 14 жеңіліспен 10-орында аяқтады. Лев Чувашов 20 жеңіс, 15 жеңіліс көрсеткішімен 14-орынға тұрақтады. Тихон Варёхин де 20 рет жеңіске жетіп, 15 рет жеңілді және 15-орынға орналасты.

Айта кетейік, алдын ала кезеңнің қорытындысы спортшылардың келесі кезеңдеріндегі жарысты қай орыннан бастайтынын анықтау үшін есепке алынады. Ерлер арасындағы жартылай финал 18 қыркүйекте өтеді.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарындағы жарысты бастағанын хабарлағанбыз.