Азиада-2026: қазақстандық семсерлесушілер ел қоржынына алтын медаль салды

НАГОЯ. KAZINFORM — Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы командалық сайыстың ақтық сынында Оңтүстік Корея спортшыларымен кездесті. 

Ұлттық құрама сапында Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов пен жекелей сын бойынша күміс жүлдегер Кирилл Проходов жарыс жолына шықты.

Жеңімпаз қосымша раундта белгілі болды. Тоғаз раунд Қазақстан құрамасы ұпай саны бойынша артта қалып келе жатқанына қарамастан, спортшыларымыз шешуші раундта қарсыластармен есепті теңестірді.

Кирилл Проходов шешуші сәтте құрамаға жеңіс сыйлады. Есеп, 43:42.

Айта кетерлігі, спортшыларымыз жартылай финалда Гонконгты 45:34 есебімен жеңген еді.

Еске салайық, Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы жақында командалық сапы жарысында әлем чемпионы атанған болатын.

Сонымен қатар, Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы сабля бағдарламасы бойынша қола жүлде жеңіп алды.