67 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Шермаханбет моңғолиялық Ганбаяр Намсраймен кездесті.
Отандасымыз 11:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Шермаханбет бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алған еді.
Бұдан бұрын Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова Азия ойындарында күміс жүлдегер атанғанын жазғанбыз.