Азиада-2026: Әбиба Әбужақынова күміс жүлде жеңіп алды

НАГОЯ.KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әбиба Әбужақынова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Әбиба Әбужақынова күміс жүлде жеңіп алды
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Әйелдер арасында 48 келі салмақта ақтық сында қазақстандық спортшы жапониялық Мицуки Кондомен белдесті. Қортындысында Әбиба қарсыласына иппон әдісімен жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетерлігі, Отандық дзюдошы финалға шығу үшін өткен белдесуде Қытайлық Тайбэй өкілі Линь Чэньхаомен күрескен болатын. Нәтижесінде Әбиба «юко» ұпайын иеленіп, жеңісті суырып алды.

Финалдық белдесуден кейін, спортшы Kazinform тілшісіне шағын сұхбат беріп, бүгінгі жарыс жолын қорытындылады.

Ғұсман Қырғызбаев пен Меруерт Сәрсенова Азиаданың қола медалі үшін бақ сынайды.