Ғұсман Қырғызбаев пен Меруерт Сәрсенова Азиаданың қола медалі үшін бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Ғұсман Қырғызбаев пен Меруерт Сәрсенова Азиаданың қола медалі үшін бақ сынайды
Фото: Сали Сабиров

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін өткен белдесуде моңғолиялық Йолк Казирбекпен кездесті.

Нәтижесінде моңғолиялық спортшы «вазари» ұпайын иеленіп, жеңіске жетті.

Ал Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін қытайлық Сюэ Цзыянмен күреседі.

а
Фото: Сали Сабиров

Сонымен қатар қазақстандық Меруерт Сәрсенова дзюдодан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті.

Отандық дзюдошы 52 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Мадина Курбонзодамен кездесті. Қосымша уақытта Меруерт Сәрсенова тиімді әдіс жасап, жеңіске жетті.

Осылайша ол қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Бұған дейін Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өткенін жазғанбыз.

Сондай-ақ, Әбиба Әбужақынова дзюдодан алтын медаль үшін күресетіні белгілі болды.