Аралас жұптық сында XD20 класы бойынша өткен жартылай финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Гонконг өкілдері Лам Ян Ю мен Вонг Хон Ламға 0:3 есебімен есе жіберді.
Кездесудің үш сеті 7:11, 4:11 және 8:11 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін топтық кезеңде Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы Индонезия құрамасын 3:1, Жапония командасын 3:2 есебімен жеңіп, Қытай құрамасына 1:3 есебімен есе жіберген болатын.
Осыған дейін отандық пара велошабандоздар Азия ойындарында екі алтын жеңіп алғанын жазғанбыз.
Сонымен қатар Қазақстан Азия Пара ойындарында садақ атудан алғаш рет күміс медаль еншіледі.
Бұдан бөлек, Зарина Райфова Азия Пара ойындарының жеңімпазы атанды.
Ал астаналық паражеңіл атлет Азия рекордын орнатты.