Қазақстан құрамасы Азиадада су добынан Таиландтан басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Фото: Никита Басов

Қазақстан А тобындағы үшінші кездесуінде Таиландқа қарсы ойнады. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ұлттық құрама 21:6 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, ерлер құрамасы бұған дейін Жапонияға 11:19 есебімен жол берсе, Гонконг командасын 29:15 есебімен жеңді.

Қазақстандық шабандоздар Азиада ойындарында жеребе алдындағы соңғы жаттығуларын өткізіп жатыр. Ұлттық құрама соңғы рет 2006 жылы бақ сынаған конкурға араға 20 жыл салып оралғанын жазған едік.

Алексей Чуркин ауыр атлетикадан әлем рекордын жаңартып, Азиаданың күміс жүлдегері атанды.