Азиада: Медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы қай орында тұр

Фото: Фото: ҚазАқпарат

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының медальдар кестесінде қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 қыркүйекте Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 15 орыннан 16 орынға төмендеді.

Үшінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 4 медаль алды.

Оқу атуда қозғалмалы нысана көздеу сайысында ерлер құрамасы сапында Бақтияр Ибраев, Андрей Худяков және Асадбек Назиркулиев екінші орын алды.

Ал қола жүлдеге дзюдошы Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін), семсерлесуші Эльмир Әлімжанов, мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле бірге қол жеткізді.

Медальдар кестесінде Қытай 95 медальмен (53 алтын, 29 күміс және 13 қола) жеке дара көш бастап тұр. Екінші орындағы Оңтүстік Кореяның 49 (14 алтын, 16 күміс, 19 қола), үшінші орындағы Жапонияның 46 медалі (8 алтын, 20 күміс және 18 қола) бар.

Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:

  1. Қытай - 53-29-13 (69)
  2. Оңтүстік Корея - 14-16-19 (49)
  3. Жапония - 8-20-18 (46)
  4. Өзбекстан - 5-6-11 (22)
  5. Гонконг - 5-4-10 (19)
  6. Үндістан - 3-3-6 (9)
  7. Индонезия - 3-1-5 (6)
  8. Тайвань - 2-2-3 (8)
  9. Таиланд - 2-0-5 (7)
  10. Иран - 1-4-5 (10)
  11. Қазақстан - 0-2-7 (9).