Азиадада тарихи алтын алған Рината Сұлтанова елге оралды

АСТАНА. KAZINFORM — Тас жолдағы велоспорттан Азия ойындарының тарихи чемпионы Рината Сұлтанова елге келді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Фото: ҰОК

Бүгін Астана халықаралық әуежайына Аичи-Нагояда өткен XX жазғы Азия ойындарына қатысқан Қазақстанның велотрек құрамасы елге оралды.

Фото: ҰОК

Құрама сапында тарихи жетістікке қол жеткізген Рината Сұлтанова да бар.

Фото: ҰОК

Ол тас жолдағы велоспорттан топ жарып, Қазақстан тарихындағы алғашқы Азия ойындарының алтынын жеңіп алды.

Фото: ҰОК

Сондай-ақ велотректегі омниум сайысында күміс жүлдеге ие болды.

Фото: ҰОК

— Жеңіске жетуіме күнделікті жаттығу, өзіммен жұмыс істеуім көмектесті. Әрине, Азиаданың қос жүлдесін алғаныма қуаныштымын. Бірінші кезекте тас жолдағы велоспортта топ жаруды көздеген едім. Сол мақсатым орындалды. Барша қолдаған жандарға алғысым шексіз! Шынымды айтсам, бүгін әуежайда осынша көп жанкүйер мен Павлодардан арнайы келген достарым болады деп күтпедім. Өте қуаныштымын, — деді Рината Сұлтанова.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Спортшыларды ҚР Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, достары, отбасы мүшелері мен жанкүйерлері қарсы алды.

Фото: ҰОК

Бұған дейін Азиадада қай спортшылар тарихқа енгенін жазғанбыз.