НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тайбэйде дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанның дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, құрлық біріншілігіне 21 елден170 спортшы қатысуда.
Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы 3 күміс, 4 қола медальға ие болды.
Атап айтқанда, Ғалия Тынбаева (48 кг), Ақжол Қайыпхан (52 кг) және МеруертСәрсенова (57 кг) финалда ғана қарсыластарына жол беріп, екінші орынға иеболды.
Ал Ақмарал Науатбек (48 кг), Дамир Болатбеков (60 кг), Ермек Амангелді (66кг) және Айбар Мұқышев (73 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Азия чемпионаты одан әрі жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық кадеттер Азия чемпионатын 4алтын медальмен қорытындылаған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).