Қазақстандық кадеттер дзюдодан Азия чемпионатын 4 алтын медальмен қорытындылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тайбэйде дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, құрлық біріншілігіне 17 елден 200-ге жуық дзюдошы қатысып, бақ сынады.

Қазақстандық кадеттер 4 алтын, 1 күміс және 10 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Атап айтқанда, Әлима Жұмағалиева (40 кг), Нұрқанат Серікбаев (50 кг), Тілеген Тынарбай (66 кг) және Айдар Арапов (81 кг) чемпион атанды.

Ал соңғы бәсекеде ғана қарсыласына есе жіберген Серікбол Естай (73 кг) күміс жүлдеге ие болды.

Аслан Лес (55 кг), Мәрлен Әділ (60 кг), Диана Буркеева (44 кг), Балнұр Әбдешова (48 кг), Аружан Ережепова (48 кг), Мухаммедали Мавлидов (81 кг), Жұрқамырза Шүкірбеков (+90 кг), Шапағат Дәулет (57 кг), Мәдина Парагулгова (+70 кг) және Карина Такиева (+70 кг) үздік үштікке ілігіп, қола медальмен марапатталды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Загребтегі Гран-при турнирінде Галбадрахтың жеңімпаз атанғанын, қазақстандық кадеттердің Азия чемпионатының алғашқы күні 3 алтын, 5 қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар