Аталған жас ерекшелігі бойынша еліміздің ерлер құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Құрлықтық дода финалында 13 спортшы шаршы алаңға шығады.
Одан кейінгі орындардағы Өзбекстан - 5, Үндістан - 4 боксшыдан қосса, Моңғолия, Тәжікстан, Ауғанстан және Қытай бір-бір спортшысына үміт артады.
48 келі. Вишванат Суреш (Үндістан) - Ернар Қарап
51 келі. Асылбек Жалилов (Өзбекстан) - Кенже Мұратұлы
54 келі. Энсайхан Оюн-эрдене (Моңғолия) - Нұрсұлтан Алтынбек
57 келі. Ерболат Сабыр - Нихил (Үндістан)
60 келі. Рамиш Горха (Үндістан) - Руслан Күзеубаев
63.5 келі. Ерасыл Таңқай - Абдулло Мадаминов (Өзбекстан)
67 келі. Ернұр Сүйінбай - Малик Прит (Үндістан)
71 келі. Сабыржан Аққалықов - Довуд Махамов (Тәжікстан)
75 келі. Жавохир Умматалиев (Өзбекстан) - Диас Молжігітов
80 келі. Ализада Қайс (Ауғанстан) - Ерасыл Жакпеков
86 келі. Темірлан Мұқатаев (Қазақстан) -Самандар Жалолов
92 келі. Бекнұр Батырбек (Қазақстан) - Ризабек Ашан (Қытай)
92 келіден жоғары. Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) - Аманат Сабырғали
Ал, аталған жастағы қыздар арасында финалда Қазақстаннан - 10, Үндістаннан - 8, Өзбекстаннан - 5, Қытайдан - 1 боксшы бас жүлдені сарапқа салады.
50 келі. Гүлнар Тұрапбай - Таманна (Үндістан)
52 келі. Феруза Казакова (Өзбекстан) - Анита Адишева
54 келі. Прити (Үндістан) - Элина Базарова
57 келі. Әнел Сақыш - Пунам (Үндістан)
60 келі. Аягоз Майхесути (Қытай) - Шахназ Исаева
63 келі. Анар Тұрсынбек - Прачи (Үндістан)
66 келі. Айсанем Саруарова (Өзбекстан) - Ақнар Ишанова
70 келі. Санех (Үндістан) - Жасмин Қизатова
81 келі. Акрам Патан (Үндістан) - Диана Мағауияева
81 келі. Диорахон Абдуманнобова (Өзбекстан) - Елдана Талипова.
Еске салсақ, қазақстандық боксшы Элина Базарова Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсіріп, финалға шыққан болатын.