АСТАНА. KAZINFORM - Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден Қазақстан құрамасы (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды.
Ел құрамасы сапында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманшалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева өнер көрсетті.
Қазақстандық спортшылар 204.6708 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.
Көркем жүзу. Қыздар. Аралас топтық сайыс
1.Қазақстан - 204.6708 ұпай
2. Өзбекстан - 183.5552
3. Таиланд - 124.9374
Еске салсақ, бұдан бұрын XI Азия чемпионатында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы ойында Шри-Ланканы 43:1 есебімен ойсырата жеңді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.