АСТАНА. KAZINFORM - Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен қазақстандық Светлана Анкичева (50 келі) жартылай финалға шықты.
Ширек финалда ол қытайлық Тайпей спортшысы Ю Линді тізе бүктірді.
Ал ел құрамасынан ширек финалда Зүлфия Яхьярова (55 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Ирина Казюлина (68 келі), Эльмира Сыздықова (до 76 кг) қарсыластарына есе жіберіп қойды.
Егер қарсыластары финалға өтсе, қазақстандық балуандар жұбаныш белдесуіне күресуге мүмкіндік алады.
Былтыр Бішкекте өткен құрлықтық додада еліміздің әйелдер құрамасы 4 қола алды. Олардың қатарында Лаура Алмағанбетова, Диана Каюмова, Анастасия Панасович, Эльмира Сыздықова бар.
Еске салсақ, 2025 жылғы Азия чемпионатында грек-рим күресінің шеберлері екі күміс, екі қола медаль алып қайтты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.