Ертең Қазақстан командасының спортшысы Жоламан Биғабыл 55 кг дейінгі салмақтың ширек финалында Махсатулло Муминовпен (Тәжікстан) күш сынасады.
Бұл жұптың жеңімпазы жартылай финалда Мұхаммед Тегар (Индонезия) немесе Ак Ахмад Муниб Хасимудин (Бруней) арасындағы мықтымен кездеседі. Ал Ханчжоу Азиадасының чемпионы Софья Берульцева ( 68 кг) ширек финалда Дина Ахмед Мостафамен (Сауд Арабиясы) айқасады.
Келесі кезеңдегі ықтимал қарсыластар - Арика Гурунг (Непал) немесе Яра Насер (Иордания). Жалпы XX жазғы Азия ойындары кезінде каратэшілер 20-23 қыркүйек аралығында татамиге шығады.
Бәсеке Тоёхаси спорт залында өтеді.
Ұлттық құраманың өзге спортшылары Әсел Қанай (-61 кг) мен Олжас Алтынбек (-67 кг) 21 қыркүйекте, Бэлла Самашева (-55 кг) және Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) 22 қыркүйекте татамиге шығады.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындарына Қазақстан Ұлттық құрамасының 558 спортшысы қатысады. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының алауы жағылғанын жазған дік.