АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әбиба Әбужақынова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Отандық дзюдошы 48 келіге дейінгі салмақтың финалына шығу үшін өткен белдесуде Қытайлық Тайбэй өкілі Линь Чэньхаомен күресті.
Нәтижесінде Әбиба «юко» ұпайын иеленіп, жеңісті суырып алды.
Финалда отандасымыз жапониялық Мицуки Кондомен кездеседі.
Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өткенін жазғанбыз.
Айнұр Тумакбаева
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі. 2024 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.