Азия ойындары: Данилина мен Путинцева қола жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Юлия Путинцева жұптық сында Азия ойындарының жүлдесіне ілікті.

Фото: ҚТФ

Қазақстандық жұп жартылай финалда Қытайлық Тайбэй өкілдері Се Шувэй – Лян Эньшомен бетпе-бет келді. Қос сет те тай-брейкпен аяқталып, тайбэйліктердің пайдасына шешілді – 7:6 (7:3), 7:6 (7:5).

Осылайша, Се Шувэй мен Лян Эньшо финалға жолдама алды. Ал Анна Данилина мен Юлия Путинцева қола жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстандық спортшылар теннис турнирін қос қоламен аяқтады. Мұның алдында Ю.Путинцева жекелей сында қола медальға ие болған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Азия ойындарының жартылай финалында ойнайтынын жазған едік.

Сондай-ақ Азия ойындарында Данилина мен Путинцева жартылай финалға жолдама алды.