Азия ойындары: Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапур командасын жеңді

Фото: Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында су добынан бірінші жарыста Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапур командасын 9:5 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, XIX жазғы Азия ойындарында ел құрамасы қоржынына үшінші медаль түскен болатын.