Азия ойындары: Қазақстан құрамасы гандболдан алғашқы кездесуін өткізді

Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында іріктеу кезеңі жалғасып жатыр.

ҚР ҰОК мәліметінше, 19 қазанда гандболшылар арасында жүлде үшін тартыс басталды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін өткізді.

Өкінішке қарай, отандастарымыз Кувейт командасына есе жіберді. Ойын 26:42 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Әлиям Әзізова Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды.

Академиялық ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 медаль алды.