ҚР ҰОК мәліметінше, 19 қазанда гандболшылар арасында жүлде үшін тартыс басталды.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін өткізді.
Өкінішке қарай, отандастарымыз Кувейт командасына есе жіберді. Ойын 26:42 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, Әлиям Әзізова Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды.
Академиялық ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 медаль алды.