Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының соңғы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар артистік жүзуден командалық сайыста үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшылар сайыс барысында 663.7417 балл жинап, қола жүлдеге қол созды. Бірінші орынға Қытай (868.9676) ие болса, Жапония (831.2535) екінші орынға тұрақтады.
Бұл - қазақстандық спортшылар қол жеткізген 79-медаль. Қазірге дейін ел құрамасы жалпы командалық есепте 10 алтын, 21 күміс, 48 қоламен 9-шы орында тұр.
Сондай-ақ, Азия ойындарында каратэші Мөлдір Жаңбырбай финалға жолдама алды.
Енді ол финалда 2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы, тайбэйлік Шиау Шуанг Гумен алтынға таласады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.