Азия ойындары: Қазақстан медальдар кестесінде тоғызыншы орынға көтерілді

спорт
Коллаж: ҚазАқпарат/ҚР ҰОК

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тоғызыншы орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Каратэші Софья Берульцева жеңімпаз атанғаннан кейін қазақстандықтар алған алтын медаль саны онға жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Бахрейнді басып озып, 10-нан 9-сатыға жайғасты.

Бахрейнде де он алтын, бірақ олардың күмісі мен қоласы әлдеқайда кем.

Қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 10 алтын, 20 күміс, 44 қола медаль бар.

Медальдар кестесінде Қытай құрамасы (187 алтын, 104 күміс, 62 қола) жекедара көш бастаса, одан кейін Жапония (47, 57, 62), Корея (36, 49, 84), Үндістан (22, 34, 39), Өзбекстан (20, 18, 26) спортшылары келеді.

Азия ойындары ертең мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия ойындарында Софья Берульцеваның Қазақстан қоржынына оныншы алтынды салғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар