Азия ойындары: Каратэші Софья Берульцева Қазақстан қоржынына оныншы алтынды салды

каратэ
Фото: olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Софья Берульцева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін Токио олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы атанып үлгерген қазақстандық караэші 68 келіден жоғары салмақта финалда непалдық Арика Гурунгпен сынға түсті.

Софья бірден тізгінді қолға алып, юко ұпайларымен алға шығып, сол басымдылығынан айырылған жоқ – 3:0.

Осылайша, Софья Берульцева Қазақстан қоржынына оныншы алтын жүлдені салды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын олимпиада жүлдегері Софья Берульцеваның Азия ойындарының финалына шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Дидар Әмірәлі Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

 

Соңғы жаңалықтар