Азия Пара ойындары: Жұрқамырза Шүкірбеков алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Азия Пара ойындары ел қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлайды Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының баспасөз қызметі.

Фото: t.me/parateamkz

Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 санатында 95 кг cалмақта ирандық Кхеироллахзаден Варзи Мохаммад Резаны жеңіп, жарыс чемпионы атанды.

Фото: t.me/parateamkz

Осыған дейін отандық пара велошабандоздар Азия ойындарында екі алтын жеңіп алғанын жазғанбыз.

Сонымен қатар Қазақстан Азия Пара ойындарында садақ атудан алғаш рет күміс медаль еншіледі.

Бұдан бөлек, Зарина Райфова Азия Пара ойындарының жеңімпазы атанды.