Осы кездесуде Альянс басшылары мәлімдеме жасап, отандастарымыз үшін азық-түлік тауарларының қол жетімсіздігінің алғашқы себептерімен күресуге бағытталған бірқатар ұсыныстарды айтты.
Ұзақ мерзімді құралдар ретінде халықтың осал топтары үшін әлеуметтік карталар жүйесін дамытуұсынылды, бұл экономикаға зиян келтіретін барлық тұтынушылар бойынша мемлекеттен қолдау әсерін «пайдаланудан» гөрі, оған мұқтаж адамдарға нақты қажетті қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Осыған ұқсас жүйе АҚШ-та шамамен 100 жыл жұмыс істеп келеді және АҚШ АШМ бюджетінің шамамен 70%-ын алып отыр.
Қысқа мерзімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында қарсы міндеттемелер шарттарында АШТӨ-ні қаржыландыру жүйесін жетілдіругежүгіну ұсынылды. Бағдарламаны кеңейту және АШТӨ-нің көп санын тарту шартымен «Азық-түлік корпорациясы» ҰК АҚ тұлғасында бірыңғай оператордың тәжірибесін пайдалану ұсынылады. Өнім сатып алуды ритейл арқылы емес, өндірушілерден тікелей жүзеге асыру қажет. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы бөлшек сауда баға белгілеуге әсерін тигізе отырып, өзіндік құнды ашуға және жеткізілетін өнімнің бағасын белгілеуге дайын.
АӨК Альянсы өкілдерінің пікірінше, тетіктің толыққанды жұмыс істеуі үшін үкіметтік деңгейде жергілікті атқарушы органдардың форвардтық сатып алу жөніндегі жұмысын реттейтін, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жоспарлау мүмкіндігін беретін және сыбайлас жемқорлық құрамдауышын болдырмайтын қағидаларды әзірлеу қажет. Сондай-ақ, қысқа мерзімді перспективада бағалардың өсуін тоқтату үшін жүйелі проблемаларды шешпей шығынмен жұмыс істеуді жалғастыратын өнім түрлері бойынша тікелей субсидиялауды сақтау маңызды.
Бұдан басқа, Қазақстанның АӨК ассоциацияларының Альянсы өнім өндірушілерден тікелей сату арналарын құру, фермерлік базарлар мен тұрақты жұмыс істейтін павильон-жәрмеңкелер құру арқылы ритейлерлер арасындағы бәсекелестікті дамытуда бірқатар әкімдіктердің бастамасын қолдайды.
БҚДА тарапынан бұл мәлімдеме бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу бөлігінде қолдау тапты. Альянсқа бизнестің әлеуметтік жауапкершілікті көрсету, халықты және Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қабылдап жатқан шаралары әрекеттерін қолдау туралы ұсынысы қарсы мәлімдеме болды.
«Біз азық-түлік бағасының әлемдік өсуі және басқа да объективті себептер жағдайында жұмыс істеу қиын екенін түсінеміз, бірақ біз халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға міндеттіміз. Қазіргі кезде алыпсатарлық трендтен бас тарту өте маңызды. Біз өз шараларымызды қабылдап жатырмыз, сонымен бірге сіздерден де тиісті шараларды күтеміз» - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Бұрын хабарлағанымыздай, қазіргі кезде ӘМАТ-тың 12 тауар нарығы және олардың барлық ірі өндірушілері дерлік және көтерме саудада жеткізушілері монополияға қарсы бақылаумен қамтылды. Соңғы 2 айда бағалардың 3-тен 11%-ға дейін ең көп өсуін көрсететін тауар позициялары бойынша - нарық субъектілеріне бағаларды төмендету туралы 25 хабарлама жіберілді. Жекелеген тауар нарықтарындағы бағалардың өсуінің объективті себептерін ескере отырып, БҚДА ӘМАТ-тың әрбір проблемалық нарығы бойынша Үкімет әзірлеп жатқан Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі жол картасына ұсыныстар енгізді. Бұл ретте АӨК нарық субъектілері тарапынан айқын бұзушылықтар болған жағдайда, монополияға қарсы бақылау шеңберінде шаралар қабылданатыны сөз болды.
ӘМАТ нарығындағы жүйелік мәселелерді кешенді шешу үшін БҚДА уәкілетті мемлекеттік органның:
- нарықты ішкі толықтыруды, ӘМАТ нарықтарын басым субсидиялауды айқындай отырып, АӨК бағыттары бойынша субсидиялау саясатының тұрақтылығын қамтамасыз етуі;
- шаруа, фермер қожалықтарының АӨК мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуін, оның ішінде шекті мәндерді төмендету арқылы кеңейтуі;
- бағаларды тұрақтандыру бойынша жедел және жүйелі шешімдер қабылдау мақсатында бағаларды болжау тетігін енгізуі қажет деп пайымдайды.