АСТАНА. ҚазАқпарат - Бақтияр Артаевқа қатысты қылмыстық іс қысқартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова мәлім етті.
«Бақтияр Артаевқа қатысты іс қылмыстық белгілерінің болмауынан қысқартылды»,- деді ол.
Еске сала кетейiк, 29 маусым күнi Астана қаласының IIД-iне азаматша Айсұлу Ибрашованың арызы түскен болатын. Онда ол түнгi клубтардың бiрiнде оны Олимпиада чемпионы, боксшы Бақтияр Артаев ұрғаны жөнiнде хабарлаған.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.