Falcon eye жүйесі БАӘ елордасының негізгі аудандарын, соның ішінде Яс, Әбу-Даби халықаралық әуежайын және Муссафа ауданын қамтиды.
Басқару орталығынан жолдарды бақылауға болады. Жүйе жолда жүру ережелерінің бұзылуын: озу үшін жол жиегін пайдаланғанын, заңсыз көлігін қойып кеткенін, сонымен қатар белгіленбеген жерде жиналуын анықтайды.
Әмірлік полициясының басшысы генерал-майор Мохаммед Халфан Аль Ромайти Falcon eye жүйесі «Әбу-Дабидің қауіпсіз қоғам құру бойынша стратегиясының бөлшегі екенін» айтты.