Багам әуежайына қонар сәтте жолаушылар ұшағының шассиі істемей қалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұшқыштар ауыр авиалайнерін айтарлықтай зақым келтірмей қондыра алды.

Багам аралдарының астанасы Нассау әуежайына қону кезінде JetBlue әуе компаниясының жолаушылар ұшағының шассиі істемей қалды, оны қонғызу ұшқыштар үшін қиынға соқты.

Ұшқыштардың кәсіби біліктілігінің арқасында апат кезінде ұшақ бортында болған 95 адамның ешқайсысы да жапа шеккен жоқ. Ұшаққа да айтарлықтай зиян тимеді, деп жазды lifenews.ru.