Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

АСТАНА. KAZINFORM — Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұбаныш белдесуінде Қытай өкілі Цзинь Синьсиньнен басым түсті.

Осылайша, Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола медалі үшін белдесуге мүмкіндік алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, финалдық кезең бүгін, 27 қазанда сағат 18:00-де басталады.

Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова әйелдер күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін сәтті өткізгенін жазған болатынбыз.

Бейбіт Сейдуәлі күрестен әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті.