Зейнеп Баянова әлем чемпионатында Өзбекстан балуанын жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова әйелдер күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін сәтті өткізді.

Зейнеп Баянова күрестен әлем чемпионатының 1/2 финалына шығу үшін бақ сынайды
Фото: ҚР ҰОК

50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Өзбекстан өкілі Актенге Кеунимжаевамен кездесіп, қарсыласын 7:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Зейнеп Баянова әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Бұған дейін Бейбіт Сейдуәлі күрестен әлем чемпионатының 1/8 финалына өткенін жазған болатынбыз.

Жания Бекмұхамбетова Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды.