Бұл туралы бүгін Azpromo хабарламасында көрсетілген.
Бизнес-форум кеше кешқұрым Бакуге келген Атырау қаласының әкімі Серік Айдарбеков бастаған Қазақстан делегациясының Әзербайжанға жұмыс сапары аясында өтеді.
Хабарламада атап өтілгендей, бизнес-форумға азық-түлік өндірісі, ауылшаруашылық, денсаулық сақтау, энергетика, жеңіл өнеркәсіп және басқа да салаларда қызмет ететін Атырау облысының кәсіпкерлері қатысады.
Бүгінгі таңда Әзербайжанда қазақстандық капиталмен 30-дан астам кәсіпорын жұмыс істеуде.