Құжатқа ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Астана ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев пен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі әзербайжандық-қазақстандық үкіметаралық комиссияның тең төрағасы, Әзербайжанның энергетика министрі Натиг Әлиев қол қойды.
«Әзербайжанның паш ететін нәрселері бар. Біз бұл көрменің белсенді қатысушысы боламыз», - деді құжатқа қол қою кезінде министр Н.Әлиев.