Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының мұнай және газ вице-министрі М.Мырзағалиев бастап барады.
Шара барысында парламентаралық комиссиясының тең төрағасы, Әзірбайжан Республикасының энергетика министрі Н.Алиевпен, ӘР экономика және өнеркәсіп министрінің орынбасары С.Гасановпен және ӘР мемлекеттік мұнай компаниясы басшысымен екіжақты кездесулер өткізілмек.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.