ӘР диаспорасымен жұмыс бойынша Мемлекеттік комитетінен хабарлағандай, отырыс барысында түркітілдес елдер диаспораларының өкілдері Кеңеске мүше елдердің диаспоралары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін, түркі әлемі одағы идеяларын тарату және оларды іске асыру үшін күштерді біріктіру, одан кейінгі қызмет стратегиясын анықтау, түркітілдес елдері ынтымақтастығы Кеңесіне мүше елдердің диаспорасы мәселелері үшін жауапты мемлекеттік құрылымдардың консультативтік кеңесін құру, түркітілдес халықтардың диаспоралық ұйымдары басшыларының бірлескен қызметі стратегиясын даярлау және Үйлестіру кеңесін құруға байланысты мәселелерді ортаға салып талқылайды.
Отырысқа түркітілдес елдердің Парламентаралық ассамблеясының төрағасы Рамин Ғасановтың, түркітілдес елдер ынтымақтастығы Кеңесінің бас хатшысы Халил Акынджының, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы басқармасы төрағасының орынбасары Талғат Мамашевтың, Қазақстан, Түркия және Қырғызстанның ресми құрылымдары өкілдерінің қатысуы күтілуде.
Шараны өткізу туралы шешім 2012 жылдың 26 қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы Кеңесінің Бас хатшылығына мүше мемлекеттердің СІМ басшыларының қатысуымен өткен кездесуде қабылдан болатын.