Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен сақшылар мен сарбаздарға қаланы террористік шабуылдан қорғау жолында атқарған еңбегі үшін алғыс білдірген.
«Қала басшысы қалалық жедел штаб құрамында қызметтік міндетін орындау кезінде жарақат алған әкімдіктің мемлекеттік қызметшілеріне алғыс білдірді. Зардап шеккендердің аты-жөні қауіпсіздік мақсатында айтылмайды», - делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.
Бұған дейін бүгін Алматыда 49 сауда маркеті, 44 жанармай құю станциясы жұмысын бастағанын жазған едік.
Қалада ертеңнен қоғамдық көліктер жүре бастайды.