Тұсаукесерге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын құттықтау салтанатында Елбасы тарапынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бірыңғай ұлттық мәліметтер банкін құру туралы тапсырма берілген еді. Бүгінгі таңда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық мәліметтер банкін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәліметтер банкі республика өңірлерінің деңгейінде қалыптасқан ақпараттық ресурстар жиынтығын, сонымен қатар өз отбасыларына балаларды асырап алуға тілек білдірген азаматтар үшін отбасында тәрбиеленуге жататын балалар туралы құжаттандырылған ақпараттарды қайта өңдеу және жинақтау, қор жинау, сақтау, жеткізу сияқты үрдістерді іске асыратын ақпараттық технологияларды қамтиды. Аталған мәліметтер банкі орталық және жергілікті деңгейде мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдік ұйымдарымен балаларды есепке алуда, келешекте оларды отбасыларға орналастыруда өзара ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылдың соңына дейін аталған жүйені пилоттық режимде Астана қаласында жүргізу жоспарлануда. 2016 жылы қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің мамандары үшін аталған жүйемен жұмыс жасау, сондай-ақ республиканың барлық өңірлерінде жүйені кезең-кезеңмен енгізуде тәжірибелі пайдалану үшін семинарлар өткізіледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық мәліметтер банкінің қызметі 2017 жылғы қаңтар айынан басталады.