«Жыл сайын Қазақстанда бала туу көрсеткіші өсіп келеді. Бұл тұрғыда қазірден бастап балаларға жағдай жасау мүмкіндіктерін іске асыру керек. Осы орайда оларды сапалы мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз етуіміз маңызды», - деді Е.Тоғжанов Педагогтердің республикалық тамыз конференциясында.
Оның айтуынша, осы бағытта мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне талаптарды күшейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Мелекеттік-жекешелік серіктестікті дамыту аясында Үкімет жүргізген жұмыстың арқасында жекеменшік балабақшалардың 47 пайызы кезекте тұрғандарды 30 пайызға қысқартуға ықпал етті. Тек 2021 жылдан бастап ел бойынша 700-ден астам балабақша ашылды. Бұл өз кезегінде өте жақсы нәтиже», - деді Үкімет басшысының орынбасары.