- Бүгінгі таңда елімізде 12 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оларда 1 млн-нан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Оның ішінде 360 мың бала мектепалды даярлықтан өтті. 20 қалада және облыстардың 23 ауданында ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Жобаны іске асыруда 1,1 млн ваучер берілді, - деді министр.
Оның айтуынша, аталған жұмыстың нәтижесінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың кезегі 160 мыңнан 23 мыңға дейін қысқартылып, бюджет қаражатының 35,3 млрд теңгесі үнемделді.
- Балалардың мамандықтар туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру және еңбекке тәрбиелеу мақсатында 100 балабақшада «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» ерте кәсіптік бағдарлау әдістері пилот негізінде жүзеге асырылып жатыр, - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Айта кетейік, Үкімет отырысында Министрлер кабинетінің мүшелері жаңа оқу жылына дайындық барысын талқыға салып жатыр.