«2015 жылы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 16 пайызға артып, 81,6 пайызды құрады. Бұл -жаңартылған мазмұнға даярлауда өте маңызды қадам. Атап айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдар желісі 740-қа артып, 9 мыңға жуықтады. Негізінен, бұл ұйымдар мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің өсуі есебінен болды»,-деді министр.
Оның өзіне қарағанда, жеке балабақшалармен шағын орталықтардың саны 3,5 еседен астам деңгейге артты, яғни 500-ден 1 800-ге дейін жетті. Мемлекеттік бюджет есебінен 300-ге тарта балабақша салынды.
«2015 жылы мектепке дейінгі білім беру стандарты жаңарды. Мектепке дейінгі даярлықтың жаңа білім беру бағдарламасы еліміздің 30 қанатқақты мектебінің базасында апробациядан өтіп жатыр»,-деді министр.
12:15, 27 Сәуір 2016
Балабақшамен қамту деңгейі 16 пайызға артты - Е. Сағадиев
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы балаларды балабақшамен қамту 16 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі халықпен есепті кездесуінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.