Елордаға еліміздің әр өңірінен 10-14 жас аралығындағы 34 оқушы келді. Балалар Президенттің «Ақорда» резиденциясындағы «Салтанат», «Мәрмәр», «Шығыс» залдарын тамашалады.
Экскурсия соңында балаларға Президент атынан сыйлықтар табысталды.
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері, жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар, оқу озаттары, зияткерлік және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақорданы аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.