Министрдің айтуынша, балаларды қорғау тұрғысында жеке бағдарлама әзірленуі керек.
«Балалардың қараусыз қалуы жеткіншектердің пәтер терезесінен құлап кетуіне алып келеді. Былтыр осы бағытта алдын алу іс-шараларын ұйымдастырған болатынбыз. Жаз кезінде тұрғындар терезеге маса торын (москит) орнатады. Балалар бұл тордың салмақ көтеруге арналмағанын түсінбейді. Бүлдіршіндердің осы торға сүйеніп тұруы қайғылы оқиғамен аяқталып жатады. Бұл тұрғыда бізге балаларға қатысты қайғылы жағдайларға тосқауы қою мақсатында жеке бағдарлама керек деп ойлаймыз», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, балалар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау бағытында басқа статистика қалыптасып отыр.
«Тек 40 пайызында балалар суициді себебін біліп жатамыз. Бұл тұрғыда ата-аналарымен, мектептегі, сондай-ақ тұрғын үй ауласындағы қарым-қатынас мәселелері бар. Қалған 60 пайыз жағдайында біз білмей жатамыз, себебі тиісті мәліметтер болмайды», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Е. Тұрғымбаев тұрмыстық зорлық-зомбылық бағатындағы қылмыстардың 80 пайызы азаматтардың жеке үйлерінде орын алатынын айтты.