«Жобада екі бала елімізге танымал, білім, ғылым, әлеумет, саясат, медицина және тағы басқа салаларда жемісті еңбек етіп жүрген тұлғалармен сұхбаттасып, жұмыс орнымен танысады. Жақын арада көріңіздер!», - деп жазады ҚР Президентінің Телерадиокешені.
Телевизиялық жоба шығарылымдарының бірінде жүргізуші балақайлар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаровпен жүздесіп, сұхбат құрған.