Атыраудағы «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі емшінің бұрын мешітте күзетші болғаны туралы мәлімет берді.
— Кейқуат Оспанов 2009 жылы Атырау қаласының орталық мешітінде бір-екі ай күзетшілік қызметті жасаған. ҚМДБ-ға ешбір қатысы жоқ. Бұйрық мүлдем алмаған, — деп мәлім етті мешіттің баспасөз қызметі.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған видео тексеріліп жатқанын хабарлады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырау облысында ЖРВИ жұқтырғандардың 64 пайызы — 14 жасқа толмаған балалар екенін жазған едік.