Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Юлия Овечкина Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Фото: Үкімет

Юлия Руслановна 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін тәмамдаған.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2014–2016 жылдары — Риддер қалалық білім бөлімінде білім сапасын бағалау жөніндегі менеджер, бас маман.

2016–2017 жылдары — Өскемен қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторының меңгерушісі.

2017–2020 жылдары — Өскемен қалалық білім бөлімінде қорғаншылық және қамқоршылық, балалардың құқықтарын қорғау секторы меңгерушісі.

2020–2022 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бұдан бұрын Айнұр Әбдірахманова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болғанын жазғанбыз.