«Ертең – ерекше мереке. Мен бір жағынан балаларға қызығы қараймын. 6 млн 109 мың бала қазір сауықтыру маусымын бастағалы жатыр.
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан балалардың құқығымен байланысты халықаралық құжаттардың бәрін ратификациялады. Солардың алғашқысының бірі Балалардың құқығы туралы конвенция болатын», - деген БҒМ өкілі ұлттық заңнама соңғы жылдары бірталай жетілдірілгенін еске салды.
«Соңғы екі жыл ішінде 83 түзету енгізілді. Соның бәрі балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіне арналған. Елбасы да, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы да өзінің ең алғашқы Жолдауында балалардың қауіпсіздігін арттыруды тапсырған болатын», - деді Есенғазы Иманғалиев.