Іс-шара барысында қоғамдық ұйымдардың мүшелері мен БАҚ өкілдері 6 топқа бөлініп, полиция қызметкерлерімен бірге қаладағы ойын сауық және қоғамдық орындарды аралады.
«Рейд барысында 414 жасөспірім жеткізілді, соның ішінде 392 бала әкімшілік құқықбұзушылық жасаған, 22-сі - қараусыз жүргендер. Бейімдеу орталығына 19 бала жеткізілді. Балаларын түнде қараусыз жіберген 372 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды», - дейді полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.
Оның айтуынша, ойын-сауық орталықтарына кәмелетке толмаған жасөспірімдерді кіргізгені үшін 15 жауапты тұлғаға қатысты материалдар жасөспірімдер ісі бойынша ауданаралық сотқа жіберілді.
Сонымен қатар, балаларға алкоголь және темекі өнімдерін сатқан 8 сауда нүктесі анықталды.