Флешмобқа қатысушылар қатарында мектеп оқушылары мен колледж студенттері бар. Шараға ата-аналар да үлес қосты. Спорттық және шығармашылық флешмоб аясында 700 мыңға жуық бала тоғызқұмалақ, асық ату секілді ұлттық ойындарға қатысып, футбол, волейбол, жүгіру, теннис, шахматтан жарысты. Сондай-ақ, 400-ден аса бала өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, би биледі.
Ұлттық тағамдар дайындап, қолөнерлер бұйымдарының көрмесін өткізді. Танымал дизайнер, спортшы, өнер иелерімен кездесті. Айта кетсек, Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен флешмоб Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылды.