Баландин полицияға алғыс айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин алматылық полицейлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Құрманғазы мен К.Байсейітова көшелерінің қиылысында спортшы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлап кеткен болатын.

Полиция қызметкерлері күдіктіні бүгін ұстады. Ол айнаны ұрлағанын мойындады.

Полиция департаменті жариялаған видеода Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин құқық қорғау органдарына алғыс білдірді.

«Оқиғадан соң 102-ні шақырдық. Менен және достарымнан жауап алды. Саусақ іздерін алды. Мен арыз жаздым. Бір аптаның ішінде тауып береміз деген болатын. Бірақ небәрі екі күнде күдіктіні ұстады. Рахмет. Қуаныштымын!», - деді Баландин.